Педиатрия және балалар хирургиясы: Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

13.10.2023 22:41

Іс-шараға 300-ден астам жас маман қатысты

Фото: mederi.mk.ua

Педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы инновациялар. Алматыда осындай тақырыпта жас ғалымдардың, докторанттар мен магистранттардың, резиденттердің қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен «Педиатрлар одағы» қоғамдық бірлестігі биыл 6-рет ұйымдастырып отырған іс-шараға 300-ден астам жас маман қатысты. Басқосуда Қазақстанның түрлі медициналық ұйымдарының, ғылыми орталықтары мен медициналық университеттер дәрігерлерінің баяндамалары тыңдалды. Жиында Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген дәрігерлер ғылыми зерттеуін бөлісіп, практикадағы ерекше клиникалық жағдайды ортаға салды.

– Жиында қызықты мәселе көтеріліп отыр. Бұл конференция жас мамандарға ғылыми жобаның, зерттеуінің нәжижесімен бөлісу ғана емес, оларды ұйымдастыруға, презентация жасауға үйрету, – деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Мәнжуова.
Оқи отырыңыз: Медициналық «мейрамхана»: даяшы мен дәрігер бір жерде қызмет етіп жүр