Алматыда тұмау мен ЖВИ жұқтыру жағдайы туралы айтылды

angarsk38.ru
angarsk38.ru
Апта сайын ЖРВИ-мен ауыру шамамен 20%-ға көбейіп отырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен аптада ЖРВИ жұқтырудың 23 995 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға төмен. Ауырып жатқандардың дені -  балалар (65,7%), деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Апта сайын ЖРВИ-мен ауыру шамамен 20%-ға көбейіп отырады. Бұл жерде айта кететін жайт, Алматыда ЖРВИ-дің ауыр жағдайлары тіркелмеген. Бұл туралы  Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Владимир Юсупов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

«1 қазаннан бастап (эпидемияға дейінгі маусымның басынан бастап) бүгінге дейін Алматы қаласында жіті респираторлық вирустық инфекцияның 201 340 жағдайы тіркелді, тұмаудың зертханалық расталған 110 жағдайы тіркелді, оның ішінде В типті вирусты жұқтырудың 109 жағдайы және А типті (H3N2) вирусын жұқтырудың 1 жағдайы анықталды.  Барлық науқастар қажетті ем алды. Өлім фактісі тіркелген жоқ», - деді ол.

Жергілікті бюджет есебінен Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол Плюс» вакцинасының барлығы  210 000 дозасы сатып алынды, оның ішінде 210 000 адам, яғни қатерлі топқа кіретін бүкіл халық егілді. Бұл топқа денсаулық сақтау мамандары; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; балалар үйінің, сәбилер үйінің балалары, қарттар үйінің контингенті; сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша 60 жастан асқан қарт адамдар, жүктіліктің 2 және 3 триместріндегі әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар, мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері кіреді. 

«Еске салайық, тұмауға қарсы вакцина дозасының саны жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінеді. Сонымен бірге, жекеменшік медициналық орталықтарда жұмыс берушілер есебінен 9929 адам, ақылы негізде 3720 адам егілді. Жалпы, егілгендердің жалпы саны 223 649 адамды немесе Алматы қаласы тұрғындарының 10,4 пайызын құрады», - дейді Владимир Юсупов.

Қорытындылай келе, спикер тұрғындарға ЖРВИ/тұмаумен сырқаттану деңгейі күшейген кезде спецификалық емес профилактиканың жалпы шараларын еске салды:

- жіті респираторлық вирустық инфекциясы бар науқастармен қарым-қатынастан аулақ болу, егер ол мүмкін болмаса, онда бетперде кию керек, оксолин жақпа майын қолданған жөн;

- ауырған жағдайда үйде отыру керек, өз бетінше емделуге болмайды, медициналық қызметкерді шақыру, отбасы ортасында немесе ұжымда бетперде кию, дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдау;

- түшкіргенде және жөтелгенде ауызды майлықпен, орамалмен жабу, қолды мүмкіндігінше жиі жуу;

- иммундық жүйені көтеру: дәрігердің ұсынысы бойынша С витаминін және басқа құралдарды қолдану;

-арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналатын іс-шараларға қатысуды азайту, әсіресе, ЖРВИ, тұмау аурулары күшейген кезде, ылғалды тазалық жүргізу  арқылы бөлмелерді желдету;

- тұмаумен ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі мекемелерге жібермеу.

«Осындай қарапайым ережелерді ұстану арқылы тұмау және ЖРВИ жұқтырудан сақ болуға болады», - деп қорытындылады ол.

Новости партнеров