СҚО-да қызылша ауруы анықталды

liter.kz
liter.kz
Олар инфекцияны БАӘ, Ресей және Қырғызстан елдерінен жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да 12 адамнан қызылша ауруы анықталды. Жұқтырғандардың 58 пайызы балалар. Қауіпті індетке шалдыққандардың көбі екпе алудан бас тартқан. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызылшамен ауырғандардың үшеуі инфекцияны БАӘ, Ресей және Қырғызстан елдерінен жұқтырған. Петропавлда 8 адам, Мағжан Жұмабаев ауданында 2, Аққайың және Жамбыл аудандарында 1 адамнан тіркелген. 

Айта кетейік, былтыр облыс аумағында қызылшамен ешкім ауырмаған. Ал 2019 жылы өңірде 300-ге жуық адам қызылша жұқтырған.

– Ауырған адамның бетінде бөртпе пайда болады. Біртіндеп денесі де бөрте бастайды. Адам өзін әлсіз сезінеді. Қызылшаның осындай белгілері пайда болған жағдайда, дереу медициналық мекемеге жүгіну қажет. Қызылша ауруы асқынса, қауіпті болып саналады. Адамда мидың қабынуы және энцефалит пайда болады, тыныс алу жолдарының ауыр инфекциясы пневмонияға ұласуы мүмкін, – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.

Оқи отырыңыз: Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қайтыс болды

Новости партнеров