Қазақстанда Фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасы қабылданады

egemen.kz
egemen.kz
Салада 96 кәсіпорын жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда Фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасы қабылданады. Ол туралы еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында фармацевтика өнеркәсібінің даму мәселелері жөнінде кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша пандемия кезінде фармацевтика кәсіпорындарының өндіріс көлемі 23,2 пайызға, яғни 70,2 млрд теңгеге дейін артты. Салада 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Үкімет басшысы отандық дәрі-дәрмек нарығында халыққа қолжетімділік пен сапаны, ал бизнес үшін тиімділікті қамтамасыз ететін оңтайлы бағалар белгіленуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар медициналық маскалар мен басқа да жеке қорғаныш құралдарын өндіру стандарттарын бекітуді тапсырды. Қазақстанның фармацевтика индустриясы Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы және Қарағанды облыстарында қарқынды дамуда деп атап өтілді кеңесте.

«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында бүгінгі күні бірыңғай дистрибьютер жеткізетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілген. Бізде стационарларда бір айлық қор бар. Сонымен қатар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту проблемасы да жоқ. Коронавирустың екінші толқынына екі айлық резерв жасақталды. Нарықтағы бөлшектік саудада  жағдайды тұрақтандыру үшін арнайы борт ұйымдастырылып, шетелдерден препараттар жеткізілді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова.

Новости партнеров