Кәсібін шынайы сүйетін маман мыңнан аса науқасты емдеп шығарды

Almaty TV
Almaty TV

27 наурызда нефролог-дәрігерлердің кәсіби мерекесі атап өтілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

27 наурыз нефролог-дәрігерлердің кәсіби мерекесі атап өтіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 
Ақмарал Жусупбекқызы Алматы Орталық  қалалық клиникалық ауруханасында  нефрология, гемодиализ және ЭКД  бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етеді.  

Ол кәсіби білікті маман. Нефрология саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Дәрігерлік жолы Астана қалалық Мемлекеттік медицина академиясынан бастау алады. Онда Ақмарал Жусупбекқызы өзінің сәтті қызметтік өмірінің негізіне айналған бастапқы білімін алған.

Нефрология бөліміндегі алғашқы жұмыс күнінен бастап-ақ, жоғары кәсіби маман екенін дәлелдей білді. Ол аса ауыр жағдайда алдына келген гломерулонефрит пен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан жүре алмай қалған науқасты, емдеп, аяғынан тік тұрғызды. 

Ақмарал Жусупбекқызының айтуынша, бүгінде бүйрек ауруларының алуан түрі бар. Сол себепті уақытылы дәрігерге қаралып тұруға кеңес береді. 

Аутоиммунды аурулар, қант диабеті және басқа да ауыр патологиялар жетіп артылады.  

Маманның өз ісіне деген жауапкершілікгін жоғары бағалаймыз дейді науқастар.  

- Мен мұнда өте ауыр жағдайда келдім. Мұнда түскенде бір түн жан сақтау бөлімінде болдым. Содан кейін нефрология бөліміне ауыстырды. Сол кезде жағдайым өте ауыр болды. Бөлімшеде 15 күн ем қабылдап жаттым. Мені бұл жерде аяғыма тұрғызды. Бүгін эндокринолог дәрігер келіп, мені танымай қалды. Мен стационарға келіп түскенде қандай едім, қазір қандаймын. Ақмарал  Жусупбекқызын алғаш көргенде ол кісінің сауатты, өз  жұмысына, науқастарға өте ұқыпты екенін байқадым. Күн сайын әр палатаға кіріп науқастардың жағдайы біліп, оларға ыңғайлы ма деп сұрап  кетеді. Оның асқан жауапкершілігіне таң қалдым. Мен ол кісіге зор денсаулық, толағай табыс тілеймін, - дейді Махинур Ванькова.

Бүгінде маман емдеп шығарған науқастарының саны мыңнан асады. Олардың барлығы біліктілік пен жауакершілікті жоғары қойятын дәрігердің еңбегін жоғары бағайды. 

Оқи отырыңыз: Көктемде қандай дәрумендер ішу керек

Новости партнеров