|
01.02.2023 | 18:03
2184

Алматылық дәрігерлер күрделі ота жасады

Бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен жүргізілген

Алматылық дәрігерлер күрделі ота жасады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Алғаш рет Орталық қалалық клиникалық аурухананың хирургтары қатерлі ісікке хирургиялық операция жасады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен жүргізілген. Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 73 жастағы пациент асқазанынан қан кетумен ауыр күйде түскен. 

Дәрігердің айтуынша, барлық қажетті тексерістен кейін, ұйқы безінде өскін туындаумен асқазанның қатерлі ісік диагнозы қойылған. Өскін үлкен мөлшерлі – 6 см. PhD докторы Жасұлан Баймаханов Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында пациентке қатерлі ісікті алып тастаумен қиын операция өткізілді. Операция барысында дәрігер асқазанын, ұйқы безінің денесін және қалдықтарын, қоршаған жасушалары және лимфотүйіндерімен көкбауырды алып тастады.

«Қатерлі ісік асқазанның эпителийіне зақым келтіріп, содан асқазан және көршілес ағзалардың тіндері өсе бастаған. Көбінесе, ұйқы безінің тіндеріне әсерін тигізген. Содан, ұйқы безінің дисталды резекциясын жүргізу арқылы кеңейтілген гастроэктомия жасалып, Цацаниди модификациясындағы Ру ілмегіндегі эзофаго-еюноанастомоз салған. Бұдан әрі, біз тамақты қорыту қызметін жасағанға өңеш пен аш ішекті біріктірдік», – деді Баймаханов. 

Хирургтың айтуынша, осы ауруханада мұндай операция жасалмаған. Дәрігерлерден операция сәтті өту үшін 4 сағат уақыт пен мұқиятылық ғана талап етілді. 10 күннен соң пациент амбулаторлық емделу үшін ауруханадан шығарылды. Оған енді химиотерапия курсын өту керек. Айта кететін жайт, онкологиялық аурушаңдықтар бойынша диагностикалау, емдеу, сондай-ақ, дәрілік заттар беру тегін медициналық кепілденген көмек көлемі тарапында қарастырылады. Осылайша, мемлекет әлеуметтік маңызды аурушаңдықты емдеу жауапкершілігін өз мойнына алуда. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир