Ол орталық күнделікті жұмыс барысында пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударатынын атап өтті
Қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-сұхбат барысында, «Қалалық кардиология орталығының» директоры Алмат Қодасбаев, пандемия кезіндегі орталықтың жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол орталық күнделікті жұмыс барысында пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударатынын атап өтті.
«Біз бәрімізге ортақ жұмысты жақсы ұйымдастырдық. Барлық қызметкерлер тәулік бойы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды: олар АЖҚ (арнайы жеке қорғаныш) киімдермен жұмыс істейді, кестеге сәйкес маскалар мен қолғаптарды ауыстырып отырады. Біз көп салалы клиникамыз, алайда пациенттермен тікелей байланыс болып, оларға медикаментоздық және хирургиялық қызметтер көрсетеміз. Сондықтан қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі бірінші орында тұрады», – деді Алмат Қодасбаев.
Сондай-ақ, ол карантин кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, пациенттерді қабылдау жұмыстары жалғасқанын айтты.
«Бұл қызмет түрі өңірлерде уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты пандемия кезінде Алматы облысының тұрғындарына көмек көрсетуге тура келді. Біздің орталыққа тексеруден өтпеген науқастар жеткізілді. Қабылдау бөлмесі мен реанимация бөлімі қызыл аймақ ретінде ұйымдастырылды. Онда анализ талдаулары жоқ науқастар шұғыл түрде науқастар жеткізілді», – деді Алмат Қодасбаев.
ПТР талдаулары бар пациенттер жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылатынын атап өтті. Ал шұғыл түрде келген пациенттер анализді қабылдау бөлмесінде тапсырып, нәтижесін 10-12 сағат ішінде алады. Анализ бар-жоқтығына қарамастан, медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарға шұғыл көмек көрсетіледі.