Қауіпті індет көбіне қыс, күз мезгілдерінде таралуы жоғары саналады
Коронавирус эпидемиясы әлемде ең алғаш рет 1960 жылы тіркелген. Мамандар бұл дертті әдеттегі тұмаумен немесе өткір респераторлық вирустық инфекциямен шатастыруға болмайтынын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қауіпті індетті жұқтырмаудың бірден-бір оңтайлы жолы – көпшілік жерлерде ұдайы маска тағып жүру. Қауіпті індет көбіне қыс, күз мезгілдерінде таралуы жоғары саналады. Аурудың алғашқы белгілері жөтелу, мұрын бітелу, бұлшық еттер мен буындардың қақсауы, дене қызуының көтерілуі. Адам бір-біріне қарсы тұрып түшкіргенде, жөтелгенде, және жеке гигиена арқылы тарайды. Ал, сақтану үшін антисептикалық сабынмен қолыңызды жиі жу тұрыңыз. Ет, жұмыртқаны барынша қайнатып, пісіріп барып жеген абзал. Және жабайы жануарлардан аулақ болыңыз.
Коронавирус ауруын - тұмаумен немесе өткір респераторлық вирустық инфекциямен шатастыруға болмайды;
Көпшілік жерлерде - ұдайы маска тағып жүру;
Қыс, күз мезгілдерінде таралуы жоғары
Аурудың алғашқы белгілері:
- жөтелу;
- мұрын бітелу;
- бұлшық еттер мен буындардың қақсауы;
- дене қызуының көтерілуі;
Коронавирустың жұғу жолдары:
- Түшкіру;
- Жөтелу;
- Жеке гигиена;
Аурудан сақтанудың жолдары:
- Антисептикалық сабынмен қолыңызды жиі жуу;
- Тағамдарды барынша қайнату;
- Жабайы жануарлардан аулақ болу;