Қызу түсіретін яғни құрамында парацетамол бар 86 дәрі-дәрмек атауы тіркелген
Еліміздің Ұлттық сараптама орталығының мәліметінше ел аумағында қолданысқа енген дәрілік заттар мен медициналық өнімдер тізімінде 108 бактерияға және 29 вирусқа қарсы препарат бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, қызу түсіретін яғни құрамында парацетамол бар 86 дәрі-дәрмек атауы тіркелген. Мәселен жұқпалы респираторлы вирустық инфекцияны кешенді емдеуге Кагоцел, Панавир, Арбидол, Амиксин, Ингавирин, Тамифлю, Флустоп, Арпефлю, Анаферон, Флувир, Эргоферон дәрілері тағайындалады. Ал бактерияға қарсы Цефтриаксон антибиотигі болмаған жағдайда Абитракс, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Сефабел, Ротацеф, Цеф ІІІ, Цефамед сияқты препараттарды балама ретінде қолдануға болады. Сондай-ақ, Азитромицин дәрісін Зитмак, Азитро, Зинфекс, Сумамед, Заха, Зетрон, Азифекс, Азимак сияқты препараттармен алмастыруға болады. Ал қызуды басу үшін құрамында парацетамол бар Колдрекс актив, Парамолан, Антифлу, Панадол, Гриппостад, Агриппин, Фервекс, Терафлю, Ринза, Цитрик сияқты дәрілер балама бола алады. Мамандар вирусқа және бактерияға қарсы дәрілерді дәрігердің тағайындауымен ғана тұтыну керектігін қатаң ескертеді.