Алматылық дәрігерлер 112 күн жаңа туған нәрестенің өмірі үшін күресті

02.02.2023 23:15

Қыз бала реанимацияда 52 күн, содан кейін нәрестелер патологиясы бөлімшесінде 2 ай болды

Фото: ҚДСБ баспасөз қызметі

Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында жүктіліктің 28-аптасында салмағы 998 грамм болатын, шала туылған нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚДСБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестені тексеру кезінде, ағзаcының жетілмегендігі патологиясынан басқа, бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түріне тап болды, екі жақты гипоплазия және бүйрек поликтозы диагнозы қойылған.

“Бұл туа біткен бүйрек жеткіліксіздігі және ауыр дәрежеде. Бұл кем дегенде бір бүйректі ауыстырып салу көрсеткіші. Баланың мерзімінен бұрын 998 грамм болып туылғанын ескерсек, оның ағзаларының жетілмегендігі бойынша өз проблемасы жеткілікті еді, екі бүйректің де зақымдануы жағдайды одан әрі қиындай түсірді. Өмір сүру мүмкіндігі іс жүзінде жоқтың қасы еді. Біз ағзалардың жетілмегендігі бойынша жағдайды жеңе алсақ та, бүйректердің асқынулар беретінін білдік. Солай болды,  реанимацияда 52 күн, содан кейін нәрестелер патологиясы бөлімшесінде 2 ай болды. Біз сырттан, Асфендияров кафедрасынан мамандарды шақырдық, консилиумдар өткіздік”, – дейді орталық директорының орынбасары, дәрігер-неонатолог Елена Плужникова.

Оның айтуынша, аурудың ауырлығына қарамастан, бала жақсы дамыды. Біртіндеп, жүргізілген барлық медициналық көмектен кейін бала салмақ қоса бастады, сонымен қатар, бұдан бөлек қызда ретинопатия анықталғандықтан, оның көзіне операция жасалды. Шығару кезінде сәби 2 кг-ға дейін салмақ қосқан.

"Қыз денсаулығының ауырлығы орташа-ауыр дәрежемен шығарылды, оны бірден нефролог пен уролог есепке алды. Бүгінгі таңда қыз бала бүйректің жұмысын қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектерді алады. Әрі қарай, қыз бала өскеннен кейін, бүйрек трансплантациясы туралы сөйлесуге болады. 6 айға дейін мұндай мәселе көтерілмейді, өйткені қыз бала салмақ қосып, күшейе түсуі керек. Кейін ата-анасы порталға одан әрі емделуге өтініш бере алады",– деп қорытындылады Елена Плужникова.