Алматыда медицина өкілдері бас қосты. Жиында онкологиялық аурулардың алдын алу, балалар арасындағы дертке шалдығу деңгейін төмендету мәселелері қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басқосуға келгендер бұл бағытта арнайы аппараттың жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Мәселен елдің үш өңірінде ғана іске қосылған ПЭТ-КТ аппараты алматылықтарға да қолжетімді. Аталған аппараттың көмегімен ерте жастан анықталған дертпен күресуге мол мүмкіндік қарастырылған.
Айта кетейік, дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы: Ядролық медицинадағы жоғары технологиялық және инновациялық қызметтер. Аталған мәселе аясында сөз қозғаған спикерлер онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдері мен медициналық тәжірибелерді ортаға салды.
– Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазіргі таңда заманауи диагностикалық және емдік аппаратуралармен онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау, оны ем барысында қадағалау және емдеуге арналған сәулелік терапия аппараттардың барын, оның қолжетімді екенін көрсету. Қазіргі таңда ПЭТ-КТ дан күніне 30 пациентке дейін және сәулелік терапиямен күніне 60-70 адамға дейін қабылдаймыз, – деді радиоизотопиялық диагностика кафедрасының жетекшісі Ақжол Оңдасын.
Оқи отырыңыз: Қатерлі ісіктен қалай сақтану керек - дәрігер кеңесі