Статистикаға сәйкес, жыл сайын қалада сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын 700-ге жуық әйел анықталады
Алматы қаласының 17 медициналық ұйымында сенбі күні сүт безінің қатерлі ісігіне тегін тексеру өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
15 қазан сағат 9:00-13:00-ден бастап қалалық емханаларда (5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 18, 23, 24, 25, 36), Алматы ауданының МСАК орталығында, №5 қалалық клиникалық ауруханасында және Алматы Онкологиялық орталығында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні болады. Барлық әйелдер осы күні онколог-маммологтардың жетекші мамандарының профилактикалық тексерулерінен өте алады.
Осыған байланысты, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барлық әйелдерді мамандардың тексеруінен өтуге шақырады.
Акция сүт безі бойынша қатерлі ісікке қарсы күрес айлығы аясында өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы Онкологиялық орталығы 2022 жылғы 1 қазаннан бастап және әр сенбі сайын (1,8,15,22,29) ауруды ерте анықтау үшін Ашық есік күндерін өткізуде.
Статистикаға сәйкес, жыл сайын қалада сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын 700-ге жуық әйел анықталады, яғни қалада күн сайын осы патологиямен 2 әйел ауырады.
Есіңізде болсын, ерте анықталған ауру бұл ауруды толық емдеуге мүмкіндік береді!
Уақтылы басталған емдеу – сіздің сұлулығыңызды, денсаулығыңызды ғана емес, өміріңізді де сақтаудың кепілі!
Ашық есік күні өтетін ұйымдардың тізімі:
Алматы Онкологиялық орталығы
Папанин көшесі, 220, А литері
+7 (727) 312-24-74
Алмалы ауданының МСАК орталығы
Төле би көшесі, 157
+7(727) 379-69-76
№ 5 Қалалық емхана
Мақатаев көшесі 141
+7 (727) 344-98-04
№ 23 Қалалық емхана
Жалайыр көшесі, 34
+7 (727) 341-05-15
№ 25 Қалалық емхана
Алтай көшесі 24/1
+7 (727) 333-14-75
№ 6 Қалалық емхана
4-ші шағынауданы, 3А
+7(727) 276-09-09
№ 10 Қалалық емхана
Ақсай-4 Ш / А, 17
+7(727) 373-28-40
№ 15 Қалалық емхана
Достық шағынауданы, Жайдарман көшесі, 17
+7 (727) 256-23-67
№ 18 Қалалық емхана
Ыкылас көшесі, 1Г
+7 (727) 221-18-18
№ 12 Қалалық емхана
Попов көшесі, 23
+7(727) 312-24-84
№ 17 Қалалық емхана
Басенов көшесі 2
+7 (727) 391-02-91
№ 5 Қалалық клиникалық аурухана
Достық даңғылы 220
+7 (727) 264-22-77
№ 36 Қалалық емхана
Шұғыла шағынауданы, 340А
+7 (727) 305-36-43
№9 Қалалық емхана
Шолохов көшесі, 17
+7(727) 299-57-75
№13 Қалалық емхана
Сейфуллин көшесі, 97
+7(727) 223-21-20
№24 Қалалық емхана
Земнухов көшесі, 3/1
+7 (727) 312-24-90
№ 11 Қалалық емхана
Жұмабаев көшесі, 87
+7 (727) 252-21-21