Алматыдағы онкологиялық орталық пандемияға қарамастан бұрынғы режимде жұмыс істеп жатыр. Яғни, науқастарды қабылдау мен емдеу, диагностикалық зерттеу амбулаторлық жүйеде жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін қатерлік ісікке шалдыққандар жайын Нұрсұлтан Ізбағамбетов онлайн брифингте айтып берді. Мәселен, соңғы 6 айда қаладағы стационарда 7 мыңнан аса науқас емделіп шықты. Оның ішінде, 1 мыңға жуығына дер кезінде ота жасалып, ал қалғаны химио терапия қабылдады. Жалпы диспансерде 26 мың тіркеуде тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 700-дей адамға аз дейді дәрігер.
«Қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың 5 жылдық өмір сүру деңгейі 53 пайызға жетіп отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда ауыз толтырып айтатын жағдай. Біз ауруды уақытылы анықтап, нақты тексеріп береміз. Сондай-ақ орталыққа емделуге келген емделушілеріміз емделіп, жұмыстарын істеп, өмір сүріп жүр», – деді Қалалық онкологиялық орталықтың директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов.