|
13.10.2023 | 18:22
3381

Алматылық травматологтар науқастың аяғын сақтап қалды

Кәсібіне адалдық нәтижелі жұмыстың жемісі

Алматылық травматологтар науқастың аяғын сақтап қалды kazgazeta.kz

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға денесінде көптеген сүйек сынығы жарақатымен 54 жастағы науқас түсті. Жедел жәрдем бригадасының айтуынша аяғын жүк көлігі басып кеткен адам ес түссіз болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аса ауыр жағдайда жеткізілген науқасқа жедел медициналық көмек көрсетіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды.

 - Аяқты ампутациялау мәселесі тұрғандықтан дәрігерлермен бірлескен консилиум өтті. Дәрігерлер тәуекелге бел буып  науқастың аяғын аман алу қалу үшін ота жасау шешімін қабылдады,- деді ОҚКА травматология бөлімінің меңгерушісі Берік Иргалиев.

Екі сағатқа ұласқан күрделі отаны травматологтар: Жеңіс Тажиев және Дәулет  Чукманов жасады. 

Кәсіби тәжірибелі дәрігерлер науқастың аяғын ампутациядан аман сақтап қалуға күш салдық деп отыр.

Аса жоғары шеберлікті талап ететін күрделі ота сәтті өткен. Науқас толық емделіп, үйіне жіберілді.

Бұндай жағдай Орталық қалалық  клиникалық ауруханада жиі орын алады. Ақ халаттылар ажалмен арпалысқан ауыр науқастарды құтқаруда аянбай тер төгеді.  Сапалы жұмыс пен кәсібіне адалдық нәтижелі жұмыстың жемісі. 

Оқи отырыңыз: Педиатрия және балалар хирургиясы: Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир