Алматыда жастарға медициналық және психологиялық көмек көрсететін орталық ашылды

15.04.2019 23:23

Денсаулық орталығында дәрігерлер мен арнайы мамандар жастарға кеңес беріп, тексеру жүргізеді

Алматыда жастарға арналған медициналық орталық ашылды. Жасөспірімдердің кез келген сұрағына жауап беретін нысан Наурызбай ауданындағы қалалық №36 емхана ішінде орналасқан деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Денсаулық орталығында дәрігерлер мен арнайы мамандар жастарға кеңес беріп, тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, 25 ерікті жасөспірімдер арасында жиі-жиі кездесулер өткізіп тұрмақ.

«Жастар орталығында уролог-мамандар, гинекологтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер бар. Қажетті мамандардың барлығын жинап алдық, көпшілігі жастар, жастарға қызмет көрсетеміз», - дейді Алматы қалалық №36 емхананың бас дәрігері Гүлжанат ТІЛЕГЕН

«Жастар бір-бірін жақсы түсінеді. Жасы үлкен мамандардан қысылуы мүмкін, ал, өзі қатарлы психолог келсе одан еш ұялмай проблемасын айта алады. Енді осындай орталықтың бар екенін жастар бір-біріне айтып жеткізсе деген тілек бар», - дейді «Салауатты жастар» медициналық орталығының жетекшісі Дина ҚҰСАЙЫНОВА.

Теги: жастар