Әлемде "Кавасаки" синдромының таралуына байланысты ата-аналар бақылауды күшейту керек – инфекционист

ru.reporter.kg
ru.reporter.kg
Кезекші сыныптарда оқитын оқушыларға әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу ұсынылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-сұхбат барысында Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының дәрігер-сарапшысы, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ғалия Құттықожанова, ата-аналарға балалар арасындағы аурудың алдын алуға жауапкершілікпен қарауды және эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ата-аналар балалармен көп жерлерде жүрмеуі керек, сыртқы байланыстарды азайтып, маска тағу керек. Көшеде тамақ ішпеу, гигиенаны сақтау, иммунитетті арттыру қажет. Асқынған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігерлерге жүгіну керек», –  деп ескертті Г. Құттықожанова.

Эпидемиологиялық тұрақсыздық кезеңінде санитарлық талаптарды елемеген жағдайда балаларда ауыр асқынулар дамуы мүмкін. Г. Құттықожанованың хабарлауынша, сәуір айынан кейін жаңа синдром – Кавасаки пайда болды. Бұл синдром жиі кездеспейді, бірақ өте ауыр ауруларға жатады. Covid-19-бен байланысты болуына күдік бар.

«Кавасаки ауруы – бұл безгек, кем дегенде 5 күн болады. Сонымен қатар, келесі белгілер бар: көздің қызаруы, ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, еріннің зақымдануы, бөртпе, мұрынның қабыршақтануы, аяқ-қол мен табанның ісінуі және гиперемиясы (қызаруы), мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы», – деді ол.

Сонымен қатар, балаларда Кавасаки белгілері толық байқалмауы мүмкін екенін білу керек. Алайда, жүрек асқынуын болдырмау үшін оларды ажырату және емдеуді бастау қажет. Сондай-ақ, ол емдеуге мұқият қарау керек және антибиотиктерді жөнсіз пайдаланбау керек екенін айтты.

«Балаларға вирусқа қарсы препараттарды қолдану ұсынылмайды. Балаларға симптоматикалық ем қолдану көрсетіледі. Аурудың белгілері және вирустың ағзалардағы әрекеті нәтижесінде пайда болған процестер емделеді. Кавасаки синдромы пайда болған кезде топтың консилиумын жүргізу қажет. Оған инфекционистер, ревматологтар, кардилогтар және реаниматологтар кіруі тиіс», – деді Г. Құттықожанова.

Сонымен қатар, ол 1-2 сынып оқушыларына оқудың ерекшелігіне байланысты мектепке күндізгі бөлімде баруға рұқсат етілетінін атап өтті. Сонымен қатар, қалған, оның ішінде 3-4 сынып оқушыларына қашықтан оқыту ұсынылады.

«3-4 сыныптар мұғалімдермен бірге мектепте білім алған, олар мұғалімдерді көрді. Олар қашықтан оқи алады. Ал 1-2 сынып оқушылары сақтық шараларын сақтап, оқуы керек (күндізгі формат болуы мүмкін)», – деп толықтырды дәрігер.

Өз кезегінде Алматы қаласының билігі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салады. Кезекші сыныптарда оқитын оқушыларға әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу ұсынылады. Мектеп аумағында жұқтыруды болдырмау мақсатында созылмалы аурулары бар балаларға кезекші сыныптарға барудан бас тартқан жөн. Балаларды мектепке дейін алып жүруді жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдар жүзеге асырмауы тиіс.

Новости партнеров