Алматылық дәрігерлер жүкті әйелдің жатырындағы ісікті алып тастады

иллюстрированное фото из открытых источников
иллюстрированное фото из открытых источников
Білікті дәрігерлерден консилиум шақырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық №7 клиникалық аурухананың гинеколог-хирургтары ерекше отап жасады. Олар жүкті әйелге ота жасап, жатырындағы ісікті алып тастады, әрі жүктілікті сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пациенттің 36 жаста, оның айтуынша, жүктіліктің 15-16 аптасында  «103» бригадасы Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне  жеткізілген.

Қабылдау бөлімшесінің деңгейінде барлық қажетті клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізілді және алдын ала диагноз қойылды.

Үлкен көлемдегі жатыр миомасы, субсерозды түрі, түйін тармақтарының бұралуы болуы мүмкін деген болжам жасалды. 15-16 апта ішінде түсік тастау қауіпі де бар. Пациент гинекологиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды. Бөлімшеде жан-жақты зерттеліп, әйелдің өмірін сақтап қалу үшін ісікті алып тастау операциясы қажет екені айқын болды. Жүкті әйелдің жатырындағы түйінді хирургиялық жолмен алып тастау ана үшін, сондай-ақ жатырдағы бала  үшін де қауіпі өте жоғары. Қан кету, түйіннің некрозы, өкпе артериясының троэмболиясы қаупі, сондай-ақ жүктілікті тоқтату қаупі бар. Дәрігерлердің алдында хирургиялық араласу әдісін таңдау және басқару тактикасы, тілік жасау түріне дейін  күрделі таңдау тұрды. Білікті дәрігерлерден консилиум шақырылды.

«Бақытымызға орай, миоматозды түйін жатыр қуысына дарымаған, бірақ көлемді ісік кіндік деңгейіне жеткен. Әрі қарай жүктіліктің кейінгі кезеңдерінде жатырдағы жаңа тыртық осы ағзаның жыртылу қаупіне әкелуі мүмкін. Біз оперативті караласудың оңтайлы таңдауын таңдаған кезде «иә» және  «жоқ» әрекеттерді таразыға салдық», – деді гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Саулеш Оспанғалиева.

Дәрігерлер ананың өмірі мен бірге  баланы сақтап қалу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырды. Пфанненштил бойынша лапаротомиялық операция жасалды. Жүктілікті ұзарту үшін кесу миоматозды түйіннің жоғарғы шекарасында жүргізілді. Тупфермен миоматозды түйінді жатыр қуысына енбестен шығарады. Миоматозды түйіннің орны 3 қатарлы тігіспен тігіледі. Толық гемостаз.

«Барлық әйелдер үшін жүктілікті жоспарлаудың, өз ағзасын осы маңызды және жауапты  сәтке  дайындалудың маңыздылығын атап өту керек, уақытында тексеруден өтіп, емделу керек. Көлемді жамбас түзілімдерін ерте диагностикалаудың  маңызы өте зор. Бұл жағдайда көлемді субсерозды миоматозды түйін кең негізде жүктілікті ұзарту тұрғысынан белгілі бір қиындықтар туғызды, сонымен қатар бұл пациенттердің осы санатында жүктілікті тоқтату қауіпі жоғары. Әрбір жеке жағдайда осы гинекологиялық патологияның тарихын, тұқым қуалаушылығын, себептік факторларын, гестацияға дейін консервативті және хирургиялық емдеудің мүмкін әдістерін ескеру қажет. Бұл мұндай жағдайларда әйелдің ұрпақты болу ағзасын толығымен алыптастау қаупін, сондай-ақ жүктіліктің кешкезеңінде жатырдың жыртылуын қаупін болдырмау үшін қажет. Мен ең алдымен болашақ аналарымызға бұл туралы еске салғым келеді. Олар болашақ балалары үшін де өз денсаулығын ұмытпауы, жатырдағы ұрықты торығуға ұшыратпау, анестезияның ықтимал әсерін болдырмау үшін. Операция кезінде алдымен жатырдағы кішкентайды аядым, бұл бізді екі есе күшпен және операцияның қалаған нәтижесіне сеніммен жұмыс істеуге септігін тигізді!» – деп ойымен бөлісті №1 гинекология бөлімшесінің хирургы Жібек Жаналиева.

Өте күрделі операция сәтті өтті. Дәрігерлер жас әйелдің өмірін және іштегі баланы  сақтап қалды.

Пациент әйелдер консультациясының гинеколог-дәрігерінің бақылауына болу ұсыныстармен үйге шығарылды.

Жақында аурухананың веб-сайтына мынадай керемет электрондық хат келді:

«№1 гинекология бөлімшесінің дәрігерлері, атап айтқанда, Оспанғалиева Саулеш Мұхтарқызы мен Жаналиева Жібек Рысбекқызына үлкен алғысымды білдіремін! Мен жүктіліктің 15 аптасында қабылдау бөлімшесіне  іштің ауырсынуымен түстім. Маған диагноз қойылды: үлкен көлемді   субсерозды миоматозды түйіннің дұрыс қоректенбеуі. Барлық тексеруден кейін ота жасау туралы шешім қабылданды. Бұл жерде  қабылдау бөлімшесі мен зертхананың өте жақсы ұйымдастырылған және үйлесімді жұмысын атап өткім келеді. Оларға ерекше рақмет! Маған ота жасалды. Олар үлкен миоманы алып тастап, баланы сақтап қалды, бұл жоғарыда аталған дәрігерлердің кәсіби шеберліктерінің  арқасында мүмкін болды».

Новости партнеров