Алматылық дәрігер МӘМС-тің маңыздылығын түсіндірді

24.09.2020 01:28

Емделуге, зертханалық қызметтер алуға, тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алады

almaty.tv

Алматыдағы емхана дәрігерлері халыққа мемлекеттік сақтандырудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Бүгін онлайн брифингте  №24 қалалық емхананың бас дәрігері Жәмилә Баттақова жүйенің қыр-сырын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сөзінше, сақтандырылған азаматтардың амбулаторлық және стационарлық көмек алуға, жоспарлы түрде ауруханаға жатуға, күрделі оталарды тегін жасатуға мүмкіндігі бар және де тағы басқа құны қымбат тексерулерден өтуге, емханаларда емделуге, зертханалық қызметтер алуға, сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алады.

«Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтер, яғни күрделі бірегей операциялар қолжетімді. Ал халық өздерінің сақтандырылғаны туралы мәртебені egov.kz веб-сайты немесе медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан көре алады. Оған қоса, телеграм ботта да қажетті ақпарат бар», – деді №24 қалалық емханасының бас дәрігері Жәмилә Баттақова.