Алматы ауруханаларында қауіпті індеттен емделіп жатқан науқастар үшін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Almaty.tv
Almaty.tv
Қордың жүйелі жұмыс істеуі үшін 5 млрд теңге қарастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаладағы стационарлық және амбулаториялық емдеу объектілерін уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында резервтік қор құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қордың жүйелі жұмыс істеуі үшін 5 млрд теңге қарастырылған. 160 адамға шақталған қалалық Изатима Жекенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасындағы жағдай бүгінде тұрақты.

Ауруханадағы дәріхана қоймасына соңғы он күн ішінде керекті дәрі-дәрмектің қоры жеткізілген. Сарапшы-дәрігерлер халықтың «ауруханада қажетті дәрілер жетіспейді» деген ерме сөздерге даурықпауын сұрайды. Себебі мұнда науқастардың толық ем қабылдауы үшін бір айға жететін дәрілер қоры бар. Дәрілер айзаған кезде фармацевт маман қажетті препараттар тізімін жазып «СК Фармацияға» тапсырады. Қоймадан кестеге сай барлық ауруханаларға дәрілер уақытылы жеткізіліп отыр.  

«16 шілде күні біздің ауруханаға әкімшілік көмегімен «СК Фармациядан» дәрі-дәрмектер түсті. Бүгінгі күнге жиналған қор ол бір айлық көлемге жетеді. Сол дәрілердің арасында бүгінгі жатқан науқастардың пневманиясы бар науқастар және басқа қосалқы аурулары бар науқастарға қажетті дәрі-дәрмектердің  бүкіл көлемі бар», – деді И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының сарапшы-дәрігері Тамара Утағанова.

Қауіпті індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен науқастардың өміріне қажетті жабдықтармен қамтамассыз ету және оларға күнделікті тағам жеткізіп отыру мәселесі назардан тыс қалған емес. Осы мақсатта қала әкімдігі жанынан арнайы штаб құралды. Штаб құрамында кәсіпкерлік, логистика, қаржы және денсаулық саласының мамандары бар.

Қаладағы фтизопульмонология орталығындағы қойма да дәріге толы. Мұнда әлеуметтік маңызды дәрілермен бірге COVID-19-дан емделіп жатқан науқастар үшін де  керекті дәрі-дәрмектің барлық қоры жеткілікті. Өздеріңіз көргендей, қаз-қатар тізілген бұл қораптардың ішінде гуманитарлық көмегі бар, өзге елден коммерциялық жолмен келгені бар – бәрі де осында.


Түрлі вирустан сақтану үшін дәрігерлердің қорғаныш киімі, маска, антибактериалды дәрілер, антикоагулянттар, антиагреганттар, гормональды препараттар бәрін дәріхана қоймасын табуға болады. Дәрі-дәрмекті өткізу барысында мамандар тауарды түбіртекпен тексеріп қабылдап алады екен. Ал дәрігерлер елде пандемия кезеңі басталғалы аурухана дәріден еш таршылық көрген емес дейді.  

«Бізге Катар елінен келген, Қытайдан келген, өіміздің Қазақстаннан келген. Біздің сұранысымызды, талаптарымызды дер кезінде жеткізіп отыруға тырысады. Себебі, бұл жерде ойланып отыратын уақыт жоқ. Вирус адам денсаулығын бұзады. Сол себептен біз де тыным таппай әр кезде дәрілермен толық қамтамасыз етуін талап етіп отырамыз. Талабымыздың бәрі орындалуда. Содан да болар, қазір вирусты жеңіп келе жатқандаймыз», – деді Алматы қаласындағы Фтизиопульмонология орталығы инфекция бөлімінің меңгерушісі  Абзал Дүйсенбекұлы.

Қауіпті кеселді бір ғана дәрімен емдеп жазу мүмкін емес. Ол қан-тамыр жүйелері мен өкпенің тыныс алу жолдарын бұзады. Осыған орай ауруханаларда қанды сұйылтатын және антибактериалды дәрілермен қоса бауыр, бүйрек ағзаларын емдейтін препараттар үлкен сұранысқа ие. Бұл дәрілер де қалалық №7 аурухананың қоймасында жеткілікті екенін көрдік.

«Біздің ауруханамызға дәрілер Алматы қаласы әкімдігі және Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен жеткізіледі. Кеше ғана біз дәрілердің үлкен партиясын қабылдап алдық. Онда бізге қажетті дәрілердің барлығы бар. Қазір ол дәрілер науқастарымыздың пайдасына жарап жатыр», – деді Алматы қалалық № 7 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күнсұлу Жұмабаева.

1 шілдеден бастап, қаланың барлық стационарлық бөлімшелеріне 1 млн. астам дәрілік препараттар жеткізілді. Оның ішінде 437 мың антибиотиктер, 78 мыңға жуық антикогулянттар, 160 мың гормональды препараттар және дене қызуын түсіретін 77 мың дәрілік заттар бар. Бұдан бөлек, тамыз айының соңына дейін аурухана дәріханаларын толықтыру үшін мекемелермен келісімдерге қол қойылады. Жауапты мамандар алдағы күндері аурухана мен дәріханаларда дәрі тапшылығы болмайтынын айтады.

Ұлағат Арғын, Айдос Байназаров, «Алматы» арнасы


Новости партнеров