54 минут ішінде ота жасайтын бригада тапсырманы сәтті орындап шықты
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруxанада бірегей ота жасалды. 31 жастағы ер адамның ағзасынан хирург мамандар 25 сантиметрлік арматура темірін алып шыққан. Almaty.tv тілшісі Жанар Ғаниқызы өмірде сирек кездесетін оқиғаның анық-қанығын айтып берсін.
№4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері бүгін ерекше ота жасады. Күндіз 31 жастағы ер адам іш ауруына шағымданып стационардың қабылдау бөліміне өзі келген. Ал рентген суреті дайын болғанда, талайды көрген дәрігерлердің өзі таңдайын қағыпты.
Ота кезінде науқастан 25 сантиметрлік арматура алынды. Кейін белгілі болғандай, ер адам осыдан 2,5 жыл бұрын, абақтыда отырған кезде осы темір сынығын жұтып қойыпты. Бірақ одан бұрын дәрегерлер, ден саулықтың осынша уақыт бойы сыр бермегеніне аң-таң. Қалай болғанда да, 54 минутқа созылған ота сәтті аяқталды.
«Науқас қазір жағдайы тұрақты. Операция сәтті өтті. Қазір ояну палатасына ауыстырылды. Енді бұндай жағдай жалпы медицинада жиі кездесіп тұрады. Әсіресе, кішкентай балаларда, ер адамдарда да кездеседі, психоауытқуы бар адамдарда кездеседі. Немесе әдиілеп жұтқан адамдарда. Енді мына операция сәтті өтті. Ары қарай асқазан жұмысы қалыпты жұмыс істейді», – деді №4 қалалық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері Темірхан Қожахметов.
Бүгінгі №4 қалалық клиникалық ауруханада сәтті өткен осынау бірегей отаға 6 аурухана қызметкері қатыстқан. Жалпы, күн сайын бұл
стационардың хирургия бөліміне тәулігіне 50-ге жуық науқас түседі екен.
Жанар Ғаниқызы, Медет Саматұлы «Алматы» арнасы