Елімізде 3 миллионнан астам тұрғын МӘМС-тен өтпеген

16.09.2022 23:54

Олар – өзін-өзі еңбекпен қамтығандар мен тіркелмеген жұмыссыздар

Almaty.tv

Елімізде 3 млн-нан астам тұрғын әлі МӘМС-тен өтпеген. Оның 200 мыңнан астамы – елорда тұрғындары. Олар –  өзін-өзі еңбекпен қамтығандар мен тіркелмеген жұмыссыздар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, қазіргі күні жүйеге жүгініп жатқандардың көбі созылмалы аурулары бар азаматтар екен. Медициналық сақтандыру қоры арқылы отандастарымыз бұрын тек ақылы қызметтерді тұтынуға мүмкіндік алған. Мәселен осы жылдың 7 айында 12 мыңнан астам қымбат операциялар жасалды

«Қазір МӘМС жүйесі негізгі процесстерді құру кезеңінен өтуде. Жүйе еңгізілгеннен 2,5 жыл ішінде айтарлықтай нәтижеге қолжеткізді. МӘМС жүйесін еңгізгелі жетілдіруге жетпеген ақша көлемі, көмек түрлері қосымша қаржыландырылды», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев.