Отшашуды пайдаланғанда нені ескеру қажет

29.12.2022 23:55

Медицина мамандары абай болуға шақырады

jukovskiy.bezformata.com

Жарылғыш отшашулардан опық жейтіндер саны жылдан жылға артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар пиротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, сатып аларда оның сертификатының бар-жоғын тексеріп алмағандықтан жарақат алады. Бұл ретте медицина мамандары абай болуға шақырады.  

«Науқастарға керекті көмегін көрсетіп, қабылдау бөлімінің аясында амбулаториялық емдерге жіберіп емдейміз. Күйіктің деңгейіне, тері қабатын зақымдауына байланысты ем түрі қабылданады. Оларды стационарға жатқызамыз. Менің айтарым, пиротехникаларды алған кезде сертфикатын тексеру қажет. Отшашуды қолданарда баланың қасында міндетті түрде үлкен кісілердің болуы қажет», – деді № 4 қалалық клиникалық ауруханасының хирургі Ғабит Жиентаев.