Босанғаннан кейінгі депрессияны қалай жеңуге болады

Босанғаннан кейінгі депрессияны қалай жеңуге болады
Алматыда мамандар босанғаннан кейінгі депрессия туралы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі күні босанғаннан кейінгі депрессия нақты мәселе болып табылмақ. Оның белгілері және одан емделуі жайлы №36 Қалалық емхананың жоғары білікті санаттағы маманы, акушер-гинеколог дәрігер Айбарша Тажекова сұхбат өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, емханада тексерілетін және босанғаннан кейінгі психологиялық депрессия бірнеше мәртеге өскен. Егер де, статистикаға сәйкес, мұндай диагноз 30 адамның арасында 1-еуінде ғана кездессе, қазіргі кезде босанғаннан соңғы депрессиямен 10 әйелдің арасынан 1-еуі зардап шегеді. Маман айтқандай, босанғаннан кейінгі депрессия аурушаңдыққа жатады, бұл дегеніміз босанғаннан кейінгі физиологиялық асқыну, бірақ, асқынған депрессия бәрібір күрделі аурушаңдық болып саналады және стационарда емделуге жатады. 

Депрессияның бірден бір себебі үнемі ұйқының қанбауы, гормоналды өзгерістер, эмоциялық уайымға кетуі. Бұл жерде, қазіргі замандағы алғаш босанған аналардың жасының айтарлықтай өсуін айта кеткен жөн. Ал, жас өткен сайын әйелдерді көптеген күдіктер мен толқыныстар алаңдатады. көбінесе, олардың ана болу жауапкершілігін көтере алмайтыны және әрине де түрлі салдар себеп болмақ. Босанғаннан кейінгі депрессияның негізгі симптомдары: көңі-күйдің аяқ-асты түсіп кетуі, жылағыштық, ұйқысыздық, үнемі уайым және үрейленуі, сәбиге жақындаудан қорқуы, өзіне немесе сәбиге зиян келтіріп алам деген қорқыныш,барлығына қызықпау, ашу-ызаға түсу және үнемі күйгелекке түсу, және ең негізгісі- бұл өзіне қол жұмсау немесе өлім туралы ойға кетуі. Мұндай жай-күймен қалай күресуге болады? №36 Қалалық емхананың психологы Азиза Хамит, ең алдымен, босанғаннан кейінгі депрессияны емдеу және оның алдын алудың мүмкінді тәсілдерін айтатын дәрігерге бару қажет деп кеңес береді. Егер әйелдегі депрессия денсаулығына зиян келтірсе, онда мұндай жағдайда, дәрілік препараттарды тұтыну керек, әсіресе, психиатр тағайындаған тыныштандырғыш дәрмектер. 

Сондай-ақ, осымен бірге психотерапевтік емдеу жүргізіледі. Бұл проблемамен өзің ғана қалуды мамандар мүлдем теріс санайды, өйткені, депрессия асқынып кетуі мүмкін. «Босанғаннан кейінгі депрессия әйелдің және оның отбасының әлеуметтік мүддесіне қарасты емес. Онымен кәмелетке толмаған, білімі жоқ секілді қорғалмайтын халық тобының аналары және т.б., және білімі де бар жетістікке жеткен әйелдер де аурады. Депрессия босанғаннан кейін аған емес, сондай-ақ, жүкті болған кезде де туындайды. Ондай кезде біздің емханада отбасын жоспарлау кабинеті бар, ол жерде біздің мамандар, ана болудан қорқу салдарынан депрессияның орын алмауы үшін, болашақ аналармен босануға және одан әрі сәбиді күтуге дайындау сабақтарын береді. 

Сонымен қатар, денсаулығы мықты сәбидің одан әрі даму кабинеті жұмыс істейді, бұл жерде сәбидің дүниеге келуінің бірінші айынан бастап ата-аналары келіп сәбиіне қатысты және өзіне де пайдалы ақпараттарды алуға, сәбидің эмоциялық-әлеуметтік дамуын ескере отырып, оны тәрбиелеу мәселесімен ата-аналарын кәсіби түрде дайындап үйрету дағдыларын жақсартуға болады- деп атап өтті Айбарша Тажекова. 

Әңгімесінің соңында маманымыз әйелдерде депрессия орын алған жағдайда барлық қажетті білікті көмек көрсетілу мақсатында медицина ұйымына баруын ұсынады.

Новости партнеров