Коронавируспен сырқаттанғандардың 58 пайызы 3 өңірге тиесілі – вице-министр

22.04.2021 00:03

КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу үшін 303 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылды

inform.kz

Коронавируспен сырқаттанғандардың 58 пайызы 3 өңірге, атап айтқанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице министрі Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, наурыз айымен салыстырғанда сәуір айында ауырғандар саны Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде өскен. Сонымен қатар, Қазақстанда вакцинаның бірінші компоненті қанша азаматқа салынғанын да айтты.

«Бүгінде бірінші компонентпен 766 614 азамат, екінші компонентпен 126 500 азамат егілді. Қажеттілікті ескере отырып, егу пунктерінің саны тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап айтқым келеді. Бүгінде өңірлерде 1 051 егу пунктінде иммундау жүргізілуде. Бұдан басқа, шалғайдағы аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу үшін 303 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылды», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов.