|
28.10.2021 | 19:04
5612

Науқас көп, орын жоқ: Жамбыл облысында емделушілер дәлізге жатуға мәжбүр

Күтуге арналған орындықтарға төсек жаймасын салып жатқан науқастар түсірілген видео желіде жарияланды

Науқас көп, орын жоқ: Жамбыл облысында емделушілер дәлізге жатуға мәжбүр коллаж Almaty.tv

Жамбыл облыстық балалар ауруханасында науқастар палаталарға сыймай дәлізде жатуға мәжбүр. Күтуге арналған орындықтарға төсек жаймасын салып жатқан науқастарды солардың бірі түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Видеода дәліз бойын жайлаған орындықтарда балалар мен қатар ата-аналарының да жатқаны көрінеді. Бұл деректі көпбейінді балалар ауруханасының басшылығы растап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айтуынша, пневмониямен және респираторлық инфекциямен ауруханаға қаралушылар саны күрт артып кеткен. Мәселен облыстық орталыққа қазіргі таңда 1 тәулікте 280-320 бала қаралып жатыр. Қазіргі жағдайдың орын алып жатқаны осыдан дейді.  

«Пневмонология бөлімшесінде 80 орын бар. Қазір ол жерде 160-тан аса бала жатыр. Науқастардың саны көп болғандықтан олар кей жағдайда дәлізде күтуіне тура келеді. Бос орын қалай босайды, солай оларды орналастырамыз», – деді Облыстық көпбейінді аурухана басшысының орынбасары Сейдахмет Шыныбеков.

Айта кетерлігі, бұрын аталған бөлімде 2 блок жұмыс істесе, қазір оның бірі короновирусқа қарсы стационар ретінде пайдаланып жатыр. Орынның жетіспеуінің тағы бір себебі осы дейді мамандар. Дәрігерлер қазір респираторлық инфекция өршіп, тәулігіне 150-ден аса баланы қабылдап, оның 60-қа жуығын ауруханаға жатқызуға тура келіп жатқанын айтуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир