Алматыдағы №17 емханада ахуалдық орталық ашылды

10.04.2019 00:04

Алматыдағы емханалардың бірінде ахуалдық орталық ашылды. Дәрігерлер бұл онлайн режимде медициналық мекемедегі жұмысты бақылауға мүмкіндік береді деп отыр. Яғни, емханадағы кезектен бастап, науқастардың дерті жайлы деректерді бір кабинетте отырып-ақ алуға болады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мониторинг нәтижесінде, дәрігерлердің жұмысына да баға берілмек. Осы тектес орталық қазір Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларында жұмыс істеп тұр.  Алматыдағы жаңадан ашылған ахуалдық орталықта әзірге 4 маман еңбек етеді.

«Цифрландыру бағдарламасы аясында былтыр біздің емхана толықтай жаңа бағдарламаға көшкен болатын. Енді дәрігерлер мен мейірбикелердің жұмысын алдын-ала бақылау және бағалау үшін осындай орталық ашу керек болды», - дейді Алматы қаласы №17 қалалық емхананың Цифрландыру және статистикалық есеп беру бөлімінің басшысы Қаламқас ҚАЛИЕВА.