|
21.07.2023 | 19:07
3799

Преэклампсия: алматылық дәрігерлер жүкті әйелді аман алып қалды

Өмірге сау бала дүниеге келді

Преэклампсия: алматылық дәрігерлер жүкті әйелді аман алып қалды Almaty.tv

Алматылық дәрігерлер аса ауыр жағдайдағы жүкті әйелді аман алып қалды. Күрделі отаны қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының мамандары жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тоғыз  күн бұрын болған оқыс оқиғаны Жансая еске алуға да қорқады. Өйткені, әне-міне өмірге сәби әкелемін деп отырғанында, айтып келмеген аурудан ес жия алмапты. Емханаға ештеңе ойламай, тексерілу үшін бардым деген әйел ойда жоқта жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

– Үшінші скринингте осындай диагноз қойды. Ісік пайда болды, қан қысымы 180-ге көтерілді.  Сондықтан бірден перзентхана келіп түстім, ота жасады. «Қазір келем» деп,баламды үйде қалдырып, сыртынан есікті бекітіп кеткем. Аяқ асты осы жағдай болды, – деді науқас Жансая .  

Науқас ауруханаға түскенде дәрігерлер дертке себеп болған үш факторды анықтапты. 4 сағатқа созылған күрделі отаны мықты деген мамандардан құралған бригада жасаған. Сондай-ақ орталық өкілдері мұндай жағдай көпте кездесе бермейтінін айтты. Олар үшін анықталған аурудан адамды аман алып қалу – күтпеген қуаныш.

– Ота кезінде анализдердің талдаулары бойынша науқасты  преэкламсия ауруының асқынған түрі хэлп синдромы анықталды. Ол синдром сирек кездеседі. Көп жағдайда ана өліміне әкеп соқтыратын, – деді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының бөлім басшысы Балзия Әбілмажинова.

Қиындықтарға қарамастан, өмірге сау бала дүниеге келді. Дегенмен, босанғаннан кейін жас ананың ес жиюы 3 күнге созылыпты. Орталық мамандарының айтуынша, өткен жылдың өзінде 9000-нан аса әйел өмірге сәби әкелген. Оның 300-ге жуығында преэклампсия диагнозы байқалған. Қазір бұл ауру жүктілік кезінде жиі кездесетін дерттің көшін бастап тұр.

Мадина Оқас, Айдана Нұраш, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир