Жүргізілген скрининг тарапында жыл басынан бері 148 қатерлі ісік және 9304 қатерлі ісік алдындағы ахуалдар белгіленген
Жылдың басынан бері Алматы қаласының онкоорталығында шамамен 12 мың пациент емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv
Айта кететін жайт, қиын да қыстау эпидемилогиялық жағдайға қарамастан, Алматы қалалық онкологиялық орталығы Алматы қаласының пациенттеріне үздіксіз онкологиялық көмек көрсетеді. Жылдың басынан бері қаланың 2954 тұрғындарынан созылмалы ауру өскіндері анықталған.
Алматыда аурушаңдық құрылымы бойынша – сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында, екінші орында-тоқ ішек қатерлі ісігі, үшінші орында- өкпенің қатерлі ісігі, төртінші орында- асқазанның қатерлі ісігі, бесінші орында- аналық жыныс безінің қатерлі ісігі.
Жүргізілген скрининг тарапында жылдың басынан бері 148 қатерлі ісік және 9304 қатерлі ісік алдындағы ахуалдар белгіленген.
«Скрининг жолымен анықталған қатерлі ісіктер 1-2 аурушаңдық сатысында екені айқындалды. Мұндай жағдайда ем тәсілі өзінің тиімді әсерін көрсетіп науқастың толығымен емделіп шығуына септігін тигізбек.
Сондықтан да скринингтен өту қажет. Ол ерте сатыдағы қатерлі ісікті диагностикалау арқылы толыққанды емдеуіне тиер тиімділігі әбден мүмкін. Аса тым кеш сатыда анықталғандар қиынға түседі, және де ахуалы нашарлайды», – дейді АОО дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетов.
Жылдың басынан бері 2498 КТ және 368 МРТ жасалып, телепатологияның көмегімен 472 халықаралық кеңес берілген.
Паллиативті көмек көрсету бойынша 3436 мобильдік бригада онкологиялық аурумен ауратындарға шыққан.
Қала бойынша онкология орталығы қызметкерлерінің кәсіптілігі және көмек көрсету сапасының жоғары болғаны, дәрілермен толыққанды қамту себепті Алматы шет ел пациенттерінің қайта бекітілуі деңгейі өсуде.
«Осылайша, биылғы жылдың 8 айы ішінде еліміздің басқа аумақтарынан 478 онкологиялық науқастар қайта тіркелді (2020 жылы 338 пациент қайта тіркелді).
Өкінішке қарай, 112 пациент асқынған қатерлі ісік ауруымен келген, яғни, әр бесінші пациент 3-4 сатыдағы аурумен емделуге келген. Мұның барлығы асқынушылықтың көрсеткішіне әсерін тигізіп өлім салдарына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, қала бойынша онкологиялық көмек көрсетуде шығын көбейеді», – деді АОО бас дәрігері.
Осы жылы емделген пациенттердің саны өткен жылмен салыстырғанда 25,7%-ға, 11 812 санына дейін өсті.
2 мыңнан астам күрделі операция жүргізілді.
Скрининтің көмегімен және онкологиялық науқастарды ерте диагностикалаудың ұлғаюымен, сонымен қатар, емдеумен қамтуды 100%-ға шаққанда қалада созылмалы қатерлі өскіндерден өлімге жету көрсеткіші 10,6%-ға төмендеді.
Онкологтар Алматы қаласының тұрғындарын бекітілу орны бойынша қала емханаларында тегін скртнинг өтуге шақырады.