Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай қалай - дәрігер пікірі

20.02.2024 00:11

Тұрғындарға қоғамдық орындарда бетперде кию ұсынылды

Сгенерировано ИИ

Алматыда биыл коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 233 жағдайы тіркелген. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. Оңтүстік астанада сондай-ақ жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалып отыр. Биыл 19 мыңнан астам адам ауру жұқтырған. Мегаполисімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты ма? Нені біліп жүрген жөн? Осы және өзге сұрағтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы №36 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Рауан Нұркенов жауап береді.

– Рауан Ертайұлы, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар қаншалықты жиі келеді?

– Эпиджағдай бойынша алдыңғы орында ЖРВИ, салқын тию, тұмау тұр. Екеуінің ұқсас клиникалық симптомикасы бар. Яғни, оларды айта кететін болсақ, катаралды симптоматика, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауру сезімі және де тершеңдік. Егер салыстыратын болсақ, коронавирус ПТР-тест тапсыру қажет. Ал тұмаудың инкубациондық кезеңі 5-7 күн аралығында анықталады.

– Ал екпе алу жайы қалай?

– Қазіргі таңда толық вакцинациялау, ревакцинациялау және қайта вакцинациялау курсын өткен науқарстардың арқасында эпиджағдайдың оңалғанын көреміз. Мұның барлығы вакцинациялау, ревакцинациялау, қайтадан вакцинация курсын өту нәтижесі деп санаймыз.

Оқи отырыңыз: Қызылша ауруы: СҚО-да вирус жұқтырғандар саны артты