|
26.10.2023 | 19:23
3758

Жас кәсіпкерлерді қолдау: Алматыда медициналық стартаптар мен инновациялық жобалар көрмесі өтті

Әлеуметтік жобаға 24 жұмыс ұсынылған

Жас кәсіпкерлерді қолдау: Алматыда медициналық стартаптар мен инновациялық жобалар көрмесі өтті Almaty.tv

Алматыда медициналық стартаптар мен инновациялық жобалар көрмесі өтті. Денсаулық сақтау саласындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаға 24 жұмыс ұсынылған, деп хабарлады Almaty.tv.

Жоба авторлары бүгін өз идеяларын кәсіпкерлердің, инвесторлардың және ірі фармацевтикалық компаниялардың өкілдері алдында таныстырды. Үздік деп танылған 6 жобаны қаржыландыруға жалпы сомасы екі миллион теңге жүлде табысталды.  Әлеуметтік іс-шараны инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырған.

– Биыл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бизнес инкубаторларды қолдау бағдарламасын жүзуге асыруды жоспарлады. Бүгінгі іс-шара медицина саласындағы стартаптарға бағыт-бағдар көрсетуге арналған. Студенттер мен кәсібін енді бастағандарға қолдау көрсеткіміз келеді, – деді «Qaz innovations» АҚ қолдау құралдары орталығының директоры Данияр Бектенов.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шараға мыңнан астам өтініш беріліп, ақтық сынға үздіктер таңдалды. Олардың бағыты мен мақсат-міндеті әртүрлі.

– Қарттардың денсаулығын жақсарту үшін қандай ІТ-технология, қандай инновациялық шешім бар? Геронтологиялық реабилитация деп аталады, оны орталықта да жасауға болады, бірақ біз белсенділігі төмен қарттардың үйіне барып, реабилитация шараларын жасауды ұсындық, – деді жобаға қатысушы Айнұр Ешманова.

– Бүгінгі стартап питчингте ұсынатын идеям «ДайындалМед» деп аталады. Ең басты идея – 2-4 курс студенттерінің анатомия пәнін жақсылап меңгеруіне арналған жоба. Бәрі 3D моделінде, сабақ оқу барысына енгізуді жоспарлап отырмыз. Жобаға инвестор іздеп жатырмыз, – деді жобаға қатысушы Лаура Құлекен.

Оқи отырыңыз: Сібір жарасы: Қарағанды облысында карантин жарияланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир