Аңсаған сәби: мемлекеттік бағдарлама тағы жеті жылға ұзартылды

11.11.2023 00:24

Үш жылда 10 мыңнан аса бала дүниеге келді

Сгенерировано ИИ

«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының Халықаралық Конгресінде айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Мамандардың айтуынша, елімізде әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Қазір экстракорпоральды ұрықтандыру тәсіліне жүгінетіндер көп. 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикамызда «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданды. Үш жылдың ішінде 10 мыңнан аса бала дүниеге келді. Енді игілігі мол жоба тағы 7 жылға созылса, 49 мың ата-ананың сәбилі болуы ықтимал.

– Ер адамдар арасында тіркелген бедеулік көрсеткіші шамамен 30-35% құрайды. Әйел адамдарда да солай, 30-35% бедеулік кездеседі. Әйел адамның да, ер адамның да бедеулігі бір жұпта кездесіп жатады, - дейді жекеменшік клиниканың директоры Марат Отарбаев.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 14 жастағы жасөспірімді зорлаған күдікті ұсталды