Алматыда психикалық ауытқуы бар 12 мыңнан аса адам диспансерлік бақылауға алынған

10.07.2024 00:27

Бұл туралы Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтып берді

elements.envato.com

Алматыда психикалық ауытқуы бар 12 мыңнан аса адам диспансерлік бақылауға алынған. Оның 2711-і балалар екен. Неге кәмелет жасына жетпеген жасөспірімдер арасында бұл дерт дендеп кеткен? Соңғы жылдары жан күйзелісі – ең жиі, екінің бірінде кездесетін құбылыс десек, оның соңы психикалық ауруға әкелуі мүмкін бе? Бұл жөнінде Almaty.tv студияcына келген Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтып берді.