Қосымша тағы үш валенттік 300 мың вакцина дозасы алынуы мүмкін
Алматыда тұмауға қарсы 130 мың вакцина алынады. Бұл туралы бүгін қалалық Тауарлармен көрсетілетін қызметтерді бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қосымша тағы үш валенттік 300 мың вакцина дозасы алынуы мүмкін. Бұл шара алдағы күз маусымында жиілейтін тұмаудың және оның асқынған түрі пневмонияның алдын алу үшін қолға алынып отыр. Ал, тұмау және COVID-19 вирустары адам денесіне бір уақытта түскенде ағза оны көтере алмауы мүмкін дейді санитар.
«Тұмаудың асқынуы – пневмония. Екіншіден, ол тағы да қан құю жүйесіне басқа да созылмалы аурулардың басталуына мәжбүр болады. Сондықтан, біздің ойымызша, біз коронавирус инфекциясының көтерілуінің алдында осы вакцинацияны өткізуіміз керек», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, онлайн брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық шаралары туралы айтып өтті. Күз маусымына жаңа 3 стационар індетпен күресуге дайын тұр. Ал, қажет болған жағдайда 32 медициналық ұйым 7 мыңдай науқасты қабылдай алады. Айта өту керек, қазір мегаполис бойынша коронавирустық стационарлардағы індет жұқтырғандардың саны 10 пайызға дейін төмендеген.
«Қыркүйек айында қажет болса жаңа инфекциялық ауруханалар науқастарды қабылдауға дайын болады. Олар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы базасының 500 төсек орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, 300 орындық екінші модульді тез тұрғызылатын госпиталь, сондай-ақ, 215 төсек орындық қонақ үйлер базалық COVID-19 стационарлары», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров.