Шымкентте науқастар тегін дәрі-дәрмек алмаған

05.09.2024 00:28

Ақ қалаттылардың әрекетін прокуратура салғырттық деп бағалады

elements.envato.com

Шымкентте 4 мың-ға жуық науқас өзіне тиесілі дәрі-дәрмекті алмаған. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді, деді Almaty.tv.

Дерек медициналық ұйымдарда тексеріс жүргізу нәтижесінде анықтаған. Қаладағы 12 емханада тіркеуде тұрған науқастарға мемлекеттен бөлінген тегін дәрі-дәрмек мүлде табысталмаған. Ақ қалаттылардың әрекетін прокуратура салғырттыққа балап, жауаптыларға айыппұл салды.  

– Дәрігерлер науқастардың дәрі сұрамайтынын атап өткен. Емхананың бас дәрігерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бап бірінші бөлігімен әкімшілік, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді қалалық прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Ғани Бейсенбаев.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде университет қызметкері студенттердің оқу ақысын жеке қажеттілігіне жұмсаған