«Жансақтау бөлімінде жатыр»: Нұр-сұлтандық кішкентай Тамила көмекке зәру

17.04.2019 01:15

Жақындарының соңғы үміті жомарт жандарда

Нұр-Сұлтан қаласының кішкентай тұрғыны Тамила Тайырова бүгінде өлім аузында жатыр. Қыз балаға осыдан 8 жұл бұрын бауыр ауыстыру отасы жасалған болатын. Қазір оның ағзасы сол бауырды қабылдамай жатыр деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Біздің елде мұндай ота жасалмайды. Сондықтан, Тамила анасымен бірге Түркияға ұшып кеткен. Шетелге әзер жеткен ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жақындарының соңғы үміті жомарт жандарда.

Науқастың жағдайы күн санап нашарлап барады. Бүгінде ол ойнамақ түгілі, жүріп-тұрудан да қалған. Негізі бұл дерт оның бойында туғаннан бар көрінеді. Кезінде анасы донор болып, неміс дәрігерлері ота жасағанның арқасында сәбидің беті бері қараған. Енді міне, 8 жылдан кейін ескі дерті қайта қозған.  

«Қызымның ағзасы бауырын қабылдамай жатыр. Бір айдың ішінде Тамила 25 келі қосты. Қан құрамы күрт нашарлады, іші ісіп кетті. Шұғыл ауыстыру керек. Әпкем донор болуға келісіп те отыр. Бірақ, біздің мамандар мұндай ота жасай алмайды, құрылғы да жоқ», – дейді Тамиланың анасы Назгүл БЕРҒАЗИНОВА.

Бүгінде Түркияда емделіп жатқан қыздың бойынан шетелдік мамандар бауыр дертінен бөлек, шошқаборық, яғни шықшыт безінің қабынуын анықтапты. Ал, мұндай диагнозбен ота жасауға болмайды дейді олар. Жағдайы мүшкіл Тамила жансақтау бөлімінде. Отаға 50 мың АҚШ доллары қажет.

«Қазір Түркия мамандарымен келістік. 50 мың АҚШ доллары керек. Біз бар болғаны 10 мыңын ғана жинадық. Олар қолдарыңдағы бар сомамен келіңдер, кейін қалғанын төлейсіңдер деп отыр», - дейді Тамиланың анасы.

Мұндай ақшасы болмағандықтан, қыздың ата-анасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығынан тегін ота жасатуға рұқсат қағаз беруді сұрады. Ал, елордалықтар болса, жәрмеңке өткізіп, Тамиланың еміне ақша жинап жатыр.

«Өмір деген бір-ақ рет беріледі. Қарындасымыз әлі жас. Соның өмірі ұзақ болсын деп, қолымыздан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Бүкіл қазақ елін осылай жақсылық жасауға шақырамын. Бейғам жатпай, 500 теңге болса да әркім қол ұшын созса», - дейді көмек көрсетушілердің бірі Бақытбек ҚЫЗЫРҰЛЫ.

Тамиланың әкесі де қызының емі үшін көпшіліктен көмек сұрады.

Шын ниеттен қаршадай қызға көмектесем деушілер болса, мына есеп-шотқа ақша аударуларына болады:

KASPI GOLD 5169 4971 9466 1587

ЖСН: 760227450212

QIWI ӘМИЯН 87001750113