|
30.12.2020 | 19:41
5746

Түрксіб ауданындағы №32 емханада магниттік-резонанстік томография өз қызметін бастады

2019 жылы ашылған емханаға бүгінде 34 мыңнан астам адам тіркелген

Түрксіб ауданындағы №32 емханада магниттік-резонанстік томография өз қызметін бастады Almaty.tv

Түрксіб ауданындағы №32 қалалық емханада магниттік-резонанстік томография өз қызметін бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті бюджет есебінен орнатылған құрылғы онкологиялық, буындық ауруларды анықтауға және жұмсақ ұлпалы ағзалардың суретін түсіруге қолданылады. Айта кетейік, 2019 жылы ашылған емханаға бүгінде 34 мыңнан астам адам тіркелген.  

«МРТ құралы жаңа ашылып, бізге берілді, сол үшін біз үлкен ра[мет айтамыз. Біздің тұрғындарға, Түрксіб ауданының тұрғындарына келулерін сұраймыз. Өйткені бұл сақтандыру жүйесіне кірген, тегін болады», – деді № 32 қалалық емхананың бас дәрігері Артур Қажыбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир