Қазақстандағы клиникалар дәрі-дәрмектер қандай бағамен сатып алатыны белгілі болды

almaty.tv
almaty.tv
121 дәрі-дәрмек коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмек тізіміне кіреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«СК-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы Берік Шәріп Қазақстанда клиникалар үшін дәрі-дәрмектер қандай бағамен сатып алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, «ЦЕФ-триаксон» ұнтағы 77 теңгеден, «парацетамол» 341 теңгеге, «азитромицин» 796 теңгеден сатып алынады. Ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағасын Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде белгілейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол медициналық мекемелерге дәрі-дәрмекті тез арада жеткізуге дайын екендігін жеткізді.

«СК-Фармация» қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бүкіл медициналық мекемеге дәрі-дәрмекті жеткізумен айналысып жатыр. Жалпы кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті жеткіземіз. Соның ішінде дәрі-дәрмектің 1 385 атауы біздің тізімге кіреді. 15 маусымда қабылданған клиникалық хаттамаға байланысты 121 дәрі-дәрмек коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмек тізіміне кіреді», – деді «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп.

Новости партнеров