Коронавирус: Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал қалай

13.02.2024 00:56

Шектеу іс-шараларын да енгізу қарастырылып жатқан жоқ

Almaty.tv

Ковидпен Алматыда ауырып жатқандар бар. Дәм сезбей жүргендер болғанымен, дәрігерлер қорқатын қауіп жоқ деп отыр. Бірақ қоғамдық орында бетперде киген жөн. Қазір шаһардағы ахуал қалай? Мегаполис тұрғындарына қандай шектеу қойылуы мүмкін? Осы және өзге сұрақтаға "Алматы" телеарнасы студия қонағы Санитарлық эпидемиологиялық департаментінің бөлім басшысы Жайдаркүл Отарбекова жауап береді.

– Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталсаңыз? Коронавирус қанша адамнан анықталды?

– Алматы қаласының коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Биыл 192 коронавирус инфекциясы тіркеліп отыр, оның ішінде 80 пайыз ересектер, 15 пайызы14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Сонымен қатар 88 пайызға жуығы өз бетімен келіп қаралған тұрғындар арасында тіркелді.

– Қайтадан ПТР тест тапсыру міндеттелуі мүмкін бе? Қандай шектеулер қойылады? Жалпы болжам қандай?

– Халық арасында міндетті ПЦР-тест жүргізу жоспарланып отырған жоқ. Сонымен қатар шектеу іс-шараларын да енгізу қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ айта кететін жайт, жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау инфекциясы бойынша эпидемиологиялық маусым жалғасып жатыр. Күнделікті коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты автовокзалдар, вокзалдар, әуежайлар, медициналық мекемелер, ойын-сауық орындарында медициналық маска кию ұсынылады. Болжамға келетін болсақ, ЖРВИ және тұмау инфекциясының тіркелуіне байланысты және коронавирус инфекциясының күнделікті тіркеліп отыруына байланысты өсім болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда қатты жер сілкінісі болуы мүмкін бе