Алматыда биыл 10 мыңға жуық бүлдіршін емделіп шықты

Almaty.tv
Almaty.tv
«Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» медициналық үлгідегі құрылғылармен жабдықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығынан» жарты жылда 10 мыңға жуық бүлдіршін емделіп шыққан. Бұл туралы мекеме қызметкерлері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәрігерлер соңғы уақытта науқастардың жиілей түскенін де жасырмады. Соңғы медициналық үлгідегі құрылғылармен жабдықталған аурухана білікті мамандардың көмегімен ең қиын оталарды жасап жүр.

Алматылық Айнұр Ақылбек ұлын балалар ауруханасына екінші рет әкеліп отыр. Себебі жасы 2-ге де толмаған Арсланға жедел ішек өтімсіздігі диагнозы қойылған. Анасының сөзінше, ас батпаған соң балада әл қалмай, шұғыл медициналық көмек қажет болған.  

«Баламның құса бастады. Үлкен дәреті жасыл түсті болғандықтан, ауруханаға келдік. Маған №2 ауруханаға барсын деген, бірақ мен осы жерге келдім. Себебі мұндағы дәрігерлердің тәжірибесі мол», – деді қала тұрғыны Айнұр Ақылбек.

Хирург Саматбек Мырзахметтің сөзінше, ауруханаға түскен нәрестелердің көбінде туа біткен даму ақаулары жиі байқалған. Сондықтан дәрігерлер ем-дом алуға келген әр баланы толық қарап шығады. Дерт анықталған жағдайда диагноз қойып, міндетті түрде ота жасайды.  

«Биыл 6 ай ішінде бізге 30 нәресте түсті, 27 нәрестеде туа біткен даму ақауы анықталды. Оның ішінде өңештің, асқазан, ішек жолдарының даму ақауы бар», – деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Дәрігер нәрестелер арасында өлім-жітім саны едәуір азайғанын айтады. Қаладағы балалар ауруханасының өзі соңғы медициналық үлгідегі құрылғылармен жабдықталыпты.

Дәрігерлердің дерегінше, бұл ауруханаға күніне, орта есеппен, 300-дей бала келсе, 40 науқас ем алуға жатқызылады.

Оразай Нұртай, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы





Новости партнеров