Мұндай халықаралық жиын елімізде жыл сайын өткізіледі
Түркістанда халықаралық онкологтар мен радиологтардың VIII съезі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мұндай халықаралық жиын елімізде жыл сайын өткізіледі. Мақсат – медициналық қоғамдық өкілдері мен практикалық дәрігерлерді, ғалымдарды бір алаңға тоғыстыру.
Кездесу аясында мамандар қатерлі ісіктерді диаогностикалау және окологиялық науқастарды емдеу жолдарын талқылайды. Сондай-ақ инновациялық жабдықтар мен техникалық салаларды жетілдіруді пысықтайды.
Халықаралық жиын санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде. Жиында еліміздің бас дәрігері Алексей Цой мен премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сөз сөйледі.
«Еліміз Тәуелсіздік алғалы елімізде онкология саласы Үкімет тарапынан қолдауға ие болып келеді. Қатерлі ісіктерді емдеу және оның алдын алу мақсатында 2018-2022 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама қабылданған еді. Осы жұмыстар аясында қазір жүйелі жұмыстар атқарылуда», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.