Алматыда әйел денсаулығына арналған ашық есік күндері өтті

Дәрігерлер алдарына келген әрбір әйелдің денсаулығын тегін тексеріп, кеңестерін берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыз-келіншектер жылына екі рет міндетті түрде дәрігерлердің тексерісінен өтуі тиіс. Өйткені қазір «бедеулік белең алуда» деп ақ халаттылар дабыл қағуда. Бүгін Алматыдағы акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандары ашық есік күндерін өткізді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Дәрігерлер алдарына келген әрбір әйелдің денсаулығын тегін тексеріп, кеңестерін берді. Келушілерге гинеколог, генетик, репродуктолог мамандары мен УЗИ дәрігерлері қызмет көрсетті. Медиктер бір күн ішінде 200-ден астам келіншекті тексеріп, түрлі сырқаттарды анықтады.

«Көбінесе кездесетін бұл - миома маткасы, жатырдың миомасы, эндометриоз маткасы және аналық безінің кисталары. Басқа да көп түрлері бар аурулар кездесіп жатыр. соны біз қарап өзіміздің кеңестерімізді беріп жатырмыз. Әрбір әйел, көпбалалы аналар, қыз-келіншектер, қыздар барлығы өздерінің тұрғылықты жерлерінде жылына 2 рет міндетті түрде тексерістен өткуі тиіс. Себебі, қазір көбінесе онкологиялық аурулар өте көп кезлдесіп жатыр және бедеулік», – деді Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының УДЗ дәрігері Кәмшат ЕЛКЕЕВА.

Новости партнеров