Турнирге 6 команда қастысты
Бүгін медицина қызметкерлері күніне орай Алмалы ауданы медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Турнирге №3, №5, №8, №30 қалалық емхана мен Алмалы ауданы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қатысты.
Бірінші орынды - Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы иеленіп, қалалық турнирге өтті. Ал 2-орынды №3 қалалық емхана, 3-орынды №30 қалалық емхана алды.
Жеңімпаздарды аудандық медицина бірлестігінің үйлестірушісі Ф.А. Агибаева арнайы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар қатысқан бүкіл командаға диплом берілді.