Президент 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сол тапсырманың аясында биыл 10 ұлттық жоба бекітілді. Мақсаты да айқын: ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, экономиканың сан саласын дамытып тұрақтандыру. Және де басты бағыттың бірі – ұлт саулығы. Тізімде бірінші тұрған да осы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы. Ол 4 бағыттан тұрады.
«Ұлт денсаулығына қатысты қазіргі бекітілген жобаның бір тармағы – салауатты өмір салты. Себебі салауатты өмір салтын ұстану барлық инфекциялық емес аурулардың алдын алуға және де аурудан алшақтануға көп септігін тигізеді. Қазіргі қиыншылықтар салауатты өмір салтын ұстана тұрып жеңудің жолын көрсетеді», – деді қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев.