Алматы қаласында америкалық онкоурологтар шеберлік сағатын өткізіп жатыр

Алматы қаласында америкалық онкоурологтар шеберлік сағатын өткізіп жатыр
Алғашқы күні 3 ота жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық онкологиялық орталығы және ОҚКА базасында америкалық дәрігерлердің қатысуымен «Онкоурология және урологиядағы заманауи тәсілі» атты 5 күндік шеберлік сағаты өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталмыш іс-шара Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының шешімі бойынша жергілікті бюджет есебінен жүргізілді. Ұйымдастырушы – Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ Жоғары медициналық колледжі. Іс-шараға емхана және стационардың уролог-дәрігері және онкоуролог-дәрігерлері, қаланың медициналық университеті кафедрасының қызметкерлері, резиденттер, интерндер, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан, Семей және өзге аймақтардан келген дәрігерлер қатысты.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың конференц-залында онлайн түрде ота жасап, көрсетілді. Онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевтың айтуынша, шеберлік сағаты американдық әріптестердің іс-тәжірибесімен бөлісуге және алматылық дәрігерлердің тәжірибесіне ең мықты технологияны енгізу үшін көзделген. Алғашқы күні 3 ота жасалды.

«Бірінші операция қуықтың қатерлі ісігімен ауыратын науқасқа жасалды. Оң жақ несеп жолының өскіндері белгіленген қатерлі ісіктің инвазивтік түрі, яғни, несепағар жолы оң жақ бүйрек жағынан бұзылған. Сондықтан да «ашық» (лапароскопия жолымен емес) ота түрін жасауға шешім қабылданды. Операция кезінде науқасқа қуығын және қуық асты безін алып тастап, ішектен жаңа несеп жолын қалыптастырды. Алынған тіндердің талдамасынан соң емдеу жолының келесі сатысы белгіленеді», – дейді маман.

Екінші операция «Сол жақ бүйрегінің қатерлі ісігі» диагнозы бойынша жасалды. Онда да ісік ұлғайып кеткен. Бұл жағдайда онкоурологтар лапароскопия жолымен науқастың сол бүйрегін алып тастады. Бүгінгі күні ісік аурулары кезінде қуық асты безі мен қуықты алып тастау бойынша радикалды операция бөлек жасалады. Сол себепті аталмыш шеберлік сағаты өзекті және урологтардың алдын ала анықтау, диагностикалау және емдеу білімі мен дағдыларын арттыруға, қуық және қуық асты безінің қатерлі ісігі кезіндегі шағын инвазивті және жоғары технологиялық операцияларды жүргізу тәжірибесін меңгеруге бағытталған.

«Шеберлік сабақ барысында біздің мамандар онкоурологиялық операция жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісті, біз американдық әріптестеріміздің қандай әдісті қолданатынын көріп, тәжірибе алмастық», – деп түйіндеді Нұрлан Балтаев.

Жүргізілген операциядан соң, американдық әріптестер ОҚКА базасында онкоурологиялық ауру тақырыбы бойынша, атап айтқанда, қуық асты безінің қатерлі ісігін емдеудегі заманауи әдісі, радикалды цистпростатэктомия кезіндегі несеп жолын деривациялау әдісі және радикалды операция көрсеткіші туралы және т.б. дәріс жүргізеді.

Новости партнеров