Маусымдық аллергия несімен қауіпті - маман кеңесі

espanarusa.com
espanarusa.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қар аралас жаңбыр жауса, көктем қайда деп налимыз. Бірақ-та ертең күн жылып, жер кепсе, аллергиясы барларға серуен құру қиын болайын деп тұр. Қазірдің өзінде көк майсаға тоқтаусыз түшкіріп, дауасын таппай медицинаға жүгінгендер баршылық. Жалпы маусымдық аллергиядан қандай қауіп бар? Бұл сұраққа №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айдана Сүйіндікова жауап береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Айдана Аманбайқызы, кеш жарық! Айтыңызшы, аллергия көбіне қай кезде өршиді және нені ескерген жөн?

– Сәлеметсіздер ме! Иә, сіз дұрыс айтасыз. Соңғы кезде климаттың ауысуына қарай, маусымдық аллергия өршіп жатыр. Әсіресе, көктем мен жаз айларында асқынатынын байқаймыз. Бұл аллергиядан келер қауіп адамды анафилактикалық шокқа әкелуі мүмкін. Қандай себептермен? Өсімдіктің немесе жеміс-жидектің пісіп жетілмеген кезде бөлінетін тозаңдарына немесе соны адам организміне білмей қабылдап, байқамай тістеп немесе тағаммен қосып жеген кезде адамда тез асқынып, анафилактикалық шок беруі мүмкін. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе адам өліміне, комаға түсуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан әр адам, ересек, бала болсын өзінің қандай заттарға, қандай тағамдарға, қандай шөптерге аллергиясы бар екенін білуі абзал. 

– Денсаулық сақтау министрлігінің былтырғы дерегіне сүйенсек, 4 миллионнан астам қазақстандықтың түрлі затқа аллергиясы бар. Жалпы осы дерт адам баласында неше жаста пайда болады?

– Иә, көбіне балаларда 3-4 жастан басталады. Бірақ оларда өте сирек. Ең жиі кездесетін жас ерекшеліктері ол 7 жас пен 10-12-14 жас аралығында. Үлкен, ересектерде көбіне 25-30 жас аралығында кездеседі. Жаз айларында күндізгі уақытта емес, кешкі уақытта серуендеген дұрыс. Себебі өте құрғақ ауа-райы кезінде, желден, жаңбырлы күндері аллергия асқынуы мүмкін. Сондықтан үйді желдеткен кезде терезені күндіз емес, кешкі уақытта ашқан дұрыс және ылғалдандырған дұрыс.

Новости партнеров