Медициналық сақтандыру қорына жарнаны жұмыс беруші қол астындағы қызметкерлері үшін төлесе, жеке кәсіпкер шаруа қожалығының иелері мен жұмыссыздар ең төменгі жалақының 5 пайызын аудару қажет
2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде барлық қазақстандық сақтандырылған. Бұл бірінші сәуірге дейін ғана. Ал, ол уақытқа дейін ел тұрғындары өздерінің статусын анықтау қажет.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары бағалы оталар, емхана мен дәрігерді еркін таңдау, жарна көлеміне қарамастан барлық қызметті бірдей алу, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тәжірибелік дәрігерге түсетін жүктеменің азаюы. Бірінші сәуірге дейін барлық қазақстандық сақтандырылған. Осы уақытқа дейін ел тұрғындары өздерінің статусын анықтау қажет.
«Оны білу үшін ЦОН-да ИИН тіркеу арқылы орталықтандырылған базадан біле алады немесе клиника келгенде регистратура бөлімшесінде ИИН бергеннен кейін мәлімет берген жағдайда толық көрсетіледі. Бірінші сәуірден бастап әрбір жеке тұлға өзін алғашқы үш айдағы және келесі айлардың толығымен жалақысынан бір пайызын сақтандыруға ауыстырып отырады» - деді № 12 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Мұхамеджан БАЙТӨРЕЕВ.
18 жасқа дейін балалар, жоғары оқу орнының студенттері, жұмыс істемейтін жүкті және үш жасқа толғанға дейін баланы тәрбилеп отырған әйелдер. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген жандар. Алтын, Күміс алқаларымен марапатталған немесе бұрын Батыр ана атағын алған, сондай-ақ 1,2 дәрежелі Ана даңқы ордендерімен марапатталған көп балалы аналар. Мүгедек баланы күтуші жұмыс істемейтіндер. Зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері. Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалалар. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатындар. Жұмыс істемейтін оралмандар мен тергеу изоляторларындағылар сақтандырудан босатылған. Оларға мемлекет төлейді.
Одан өзге міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында алғашқы медициналық көмек пен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және қоршаған ортаға зиян келтіретін ауру мен созылмалы ауруға шалдыққандарға медициналық көмек тегін көрсетіледі.
Медициналық сақтандыру қорына жарнаны жұмыс беруші қол астындағы қызметкерлері үшін төлесе, жеке кәсіпкер шаруа қожалығының иелері мен жұмыссыздар ең төменгі жалақының 5 пайызын аудару қажет. Ал, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізініде еңбек ететіндер табысының 1 пайызын төлейді.
«Бірыңғай жиынтық төлемді өз бетінше төлейтіндер кез-келген екінші дәрежелі банк, Қазпошта бөлімшелері мен барлық медициналық мекемелерге қойылған терминалдар арқылы төлей алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын болса бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал, басқа елді мекендегілер 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлеу қажет» - деді №12 қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Гүлбану ҚОНАЕВА.
Ал, қала тұрғындары болса мұндай бастаманы қос қолдап қолдайтындықтарын жеткізді. Енді айлап күтетін салалық мамандар мен бағалы диогностикаға қолымыз жететін болды дейді.
БЛИЦ:
Мен қолдаймын келісіммен өз басым. Әйтпесе, былай бір айдың ішінде миллион ақша кетіп қалуы мүмкін денсаулыққа. Құдай сақтасын бірақ. өзім қолдаймын.
Қандай сақтандыру барын білмейміз. Жұмыс орнында заңды жұмыс істейміз. Официально бар шығар деп ойламыз сақтандыру.
Прежде всего надежная защита завтрешнего дня страховой медицина. Я думая в этом направление все пойдет, то правильно сделано.
Осы жүйеге байланысты сұрақтарыңыз болса, медициналық сақтандыру қорына яғни 1406 нөміріне кез-келген уақытта қоңырау шалып барлық сұрақтарыңызға жауап ала аласыз
Арнат Дүйсен, Валерий Таубалдиев, "Алматы" телеарнасы