Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша қайырымдылық акциясы басталды

06.03.2022 01:41

Сәуір айында еліміздің 7 қаласында тегін медициналық тексеру жұмыстары басталмақ

Almaty.tv

Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Назарға алынған басты мәселе – әйелдердің  денсаулығы мен әл-ауқатын сақтаудың кешенді тәсілін қарастыру. Қайырымдылық акциясы аясында сәуір айында еліміздің 7 қаласында тегін медициналық тексеру жұмыстары басталмақ. Бұл – жылына екі рет өткізілетін шара дейді ұйымдастырушылар.  

«Елімізде жылына 3500-ге жуық әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады. Оны болдырмау үшін біздің компания жылына екі рет әйелдерге тегін тексеру ұйымдастырып, сүт безі ісігінің алдын алу шараларын қарастырады», - деді маммолог-дәрігер Шынар Талаева.