ОҚКА американдық дәрігерлердің қатысуымен 5 күндік «Онкоурология және урологиядағы заманауи тәсілдемелер» атты шеберлік сағаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ОҚКА шеберлік сағат барысында несеп жолының онкоаурушаңдығымен ауратын 3 науқасқа операция жасалды. Олар: илиоколиті радикалды простата цистоэктомия, сол жақтан лапароскопиялық нефрэктомия және сол жақ бүйректегі порциалды резекциясы. 3 ота да сәтті өтті. Бүгінгі күні науқастар ем алуда. Тек ОҚКА урологтары мен онкоурологтары ғана емес, сондай-ақ қаланың мамандары шеберлік сағатан өзге онкоурологиялық аурушаңдық жөніндегі тақырыптық дәрістер тыңдап, күрделі ауруы бар науқастарды диагностикалау және емдеу алгоритмдерін талқылады, клиникалық талдама жүргізді, жаңа тенденцияларға акцент жасады.
«Мастер-класстың жүргізілуі Орталық қалалық клиникалық ауруханада Қалалық урология және андрология орталығының ашылуымен дәл түскенін айта кеткен жөн. Орталық қала тұрғындарына сапалы урологиялық көмек көрсетуді арттыру және қол жетімді болуын қамту мақсатында ашылған. Орталық консультативті-диагностикалық және емдеу қызметін көрсетеді, сондай-ақ несеп жолының түрлі аурушаңдығы бар, интеркуррентті патологиясы бар, репродуктивті және сексуалды сипатта асқынулары бар қала тұрғындарына алдын ала көмек көресетеді, уроандрологиялық науқастарды диспансеризациялау және оңалтуды, хирургиялық аралсуды жүргізеді», – деді мамандар.
Бұл үшін Орталық барлық жаңа заманауи жабдықпен КТ, МРТ, шұғыл сыныпы УДЗ аппаратымен, қашықтық соққы-толқынды литотприптермен, роботталған оңалту кешенімен, вапоризация және резекция жасау үшін лазерлік көпсалалы хирургиялық жүйемен қамтылған. тің айтуынша, аталмыш мастер-класс өзекті болып табылады.
«Әрине, іс-тәжірибемен үнемі алмасу және оқыту біліктілікті арттырып емдеудегі жаңа әдістемелерді игеруге септігін тигізеді. Біздің дәріскерлер мен ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтқым келеді», –Урология бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Бименов.
Аталмыш шеберлік сағаты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шешімімен жергілікті бюджет есебінен өткізілгені туралы еске салайық. Ұйымдастырушы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Жоғары медициналық колледжі.