|
08.11.2023 | 21:00
3301

Жүректің қатерлі ісігі: қазақстандық дәрігерлер жаңа тәсілмен ота жасады

Күрделі ота 4 сағатқа созылды

Жүректің қатерлі ісігі: қазақстандық дәрігерлер жаңа тәсілмен ота жасады Almaty.tv

Жылдан жылға елімізде шағын инвазивті торакоскопиялық ота саны артып келеді. Бұл туралы алғаш рет жүрек ісігін алып тастау операциясын өткізген қалалық кардиология орталығының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

Медициналық мекемеде осы уақытқа дейін ұқсас диагнозы бар оталар дәстүрлі әдіспен ашық жүректі кесу арқылы жасалып келді.

Алматы облысы Шамалған тұрғыны Ділбар Тәңірбергенова - 5 баланың анасы. 58 жастағы әйел біраз жылдан бері жүректің қатерлі ісігі бойынша есепте тұр. Оған жүректің қуысында қатерсіз ісік, яғни миксома диагнозы қойылған.

Оған қалалық кардиология орталығының мамандары алғаш рет Ресейден келген дәрігермен бірге жасанды қан айналымы жағдайында шағын инвазивті торакоскопиялық операциясын жасаған. Науқастың айтуынша, күрделі ота 4 сағатқа созылған. 

 - УЗИ-ға түстім. Тексеру кезінде жүректе ақау барын бірден айтты. Көкірек кесілмеді. Шыған тесік арқылы ота жасалды. Егер көкіректі кескенде арнайы корсет киюге тура келетін еді, - дейді Дәлбар Тәңірбергенова. 

Осы уақытқа дейін мұндай диагнозы бар науқастарға ота дәстүрлі әдіспен, ашық кесу арқылы жасалып келді. Ал шағын инвазивті тәсіл отадан кейінгі асқынулардың қаупін азайтады.  Дәрігерлер экраннан бақылау арқылы ота жасайды. Науқастың денесінде тыртық қалмайды. 

 - Салыстырмалы түрде айтсақ, классикалық ота жасағанда төсті ортасынан ашып жасаймыз. Оның 2-3 айға дейін шектеулер бар. Ал жаңа тәсілмен жасалған отадан соң науқас 10 күннен кейін қатарға қосылады.  Адам тез жазылады, - дейді  Кардиология орталығының бөлім меңгерушісі Нұржан Мүсірепов. 

 - Әлемде соның ішінде Қазақстанда да мұндай диагнозы бар адам жетерлік. Бірақ көп жағдайда науқастың диагнозы кеш анықталады. Бізге ауыр жағдайда түсетіндіктен, отаны жедел жасауға мәжбүр боламыз. Аталған ота оптикалық құрылғы - эндоскоп арқылы жасалды. Ол денеге кеуде қабырғасының бірнеше пункциялары арқылы енгізіледі. Науқас енді алдағы уақытта жіті бақылауда болады,- дейді дәрігер Игорь Демин.

Болашақта орталықта тағы да осындай ота жасау жоспары бар.  

Жансая Олжабек, Алишер Ерғалиұлы, "Алматы" телеарнасы 

Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігерлер роботтың көмегімен ерекше ота жасады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир