Оның 7 қайтыс болыпты
Елімізде жыл басынан бері 102 бала терезеден құлап кеткен. Оның 7 қайтыс болыпты. Қалғаны әртүрлі жарақат алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Балалардың терезеден құлауы әсіресе, жаз айларында көп болады. Бұдан бөлек, дәрігерлер велосипед, мопед, самокат сынды қос дөңгелекті құрылғыдан құлап, жарақат алатын жасөспірімдердің көбейіп бара жатқанын айтады. Оларға қандай көмек көрсетіледі? Бұл туралы Almaty.tv тікелей эфирінде №2 қалалық балалар ауруханасының травматолог-ортопеді Ғалымжан Алшабаев айтып береді.